Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Бақылау және наразылық-талап арыз жұмысы басқармасының бас сарапшысы (1 бірлік, санаты С-4)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті
Астана қаласы
268344
Жалпы біліктілік талаптары
С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Құқық қорғау қызметі
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Заңнаманың, талап-арыз және лицензиялық жұмыстың сақталуын бақылау мәселелері бойынша жұмыс жүргізу; табиғи монополиялар субъектілерінің өтінішхаттарын қарау және табиғи монополиялар туралы заңнамаға және Кәсіпкерлік кодекске түсіндірулер дайындау; заңнаманың сақталуын бақылау мәселелері бойынша нұсқамалар, талдамалық материалдар дайындау; келіп түсетін Заңдардың, қаулылардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; іс жүргізудегі сот істері материалдары бойынша талап арыздарды, пікірлерді, шағымдарды және азаматтық сот ісін жүргізудің басқа да құжаттарын уақтылы және сапалы дайындау; жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауға қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындауға қатысу; Комитеттің веб-сайты үшін лицензиялау мәселелері бойынша жауаптар дайындау; Басқарма құзыреті шегінде лицензиаттарды тексеруге және лицензиялау мәселелері бойынша сот процестеріне қатысу; лицензиялау рәсімдерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды және лицензиялау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді дайындау; бақыланатын субъектілердің тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген жүйесіне сәйкес іс-шаралар өткізу және Тексерулер жоспарын қалыптастыру бойынша басшылыққа ұсыныстар енгізу; бекітілген тексеру парақтарына сәйкес Комитет анықтаған бұзушылықтардың есебін жүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамаға сәйкес қарау; Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша сот процестеріне қатысу; Қазақстан Республикасының заңнамасынан туындайтын өзге де міндеттер.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.khusainova@economy.gov.kz
- 10.01.2025
- ZOOM бейне-конференция-байланысы арқылы (Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс , 650 - каб.)
-
74-26-08