Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының басшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-3

Орташа лауазымдық айлықақы

154141 - 208294

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;
  3. А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
  5. мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
  6. жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  7. ғылыми дәрежесінің болуы;
  8. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;
  9. кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Ақпараттық жүйелер
  • Қаржы

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Ақпараттық қауіпсіздік басқармасының жұмысына қатысу және Комитет қызметінің ақпараттық қауіпсіздігін қорғау. Комитеттің ақпараттық жүйелерінің («Электрондық дерекқор», «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі» ақпараттық жүйесі) іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Комитетте және оның аумақтық органдарында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Комитеттің ақпараттық технологиялар бойынша жұмысын үйлестіру. Ақпараттық жүйелерді (Мемлекеттік органның интранет порталы, Е-лицензиялау, «Заң» дерекқоры) әкімшілендіру бойынша бақылау. Ақпараттық жүйелермен және олардың қауіпсіздігімен байланысты нұсқамалық және әдістемедік материалдар әзірлеу. Комитеттің интенет-ресурстарын әкімшілендіруді, жүргізу мен дамытуды бақылау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Есептеу техникасы құралдарымен, бағдарламалық өнімдермен, лицензиялармен, жинақтаушы және шығыс материалдарымен материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспарын жасау. Жұмыс істеп тұрған және жаңа бағдарламалық өнімдерді әзірлеу бойынша жұмыс жүргізу. Ақпараттандыру мәселелері бойынша талдамалық ақпараттық материалдар, баяндамалар дайындау мәселелері бойынша Басқарма жұмысына қатысу және ұйымдастыру.

 

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.08.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

07.08.2020 – 11.08.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

13.08.2020

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел 8, 11-кіреберіс, 650-каб., анықтама үшін телефон: 8 (7172) 74-26-52, ұялы тел. 87751433128

Анықтама алу үшін байланыс

8(7172) 74-26-52, сот. тел. 87751433128