ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау, талап-арыз және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті
Алматы қаласы
100000 - 1000000
Жалпы біліктілік талаптары
С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Кеден ісі
- Экономика
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Мұнай газ ісі
- Жылу энергетикасы
- Электр энергетикасы
Функционалды міндеттер
Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімін қалыптастыру және жүргізу; Департамент басшылығының тапсырмасы бойынша және өз бастамасы бойынша Комитеттің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына ұсыныстар енгізу; Есептілікті уақтылы ұсынуды және келіп түскен тапсырмаларды, комитеттің хаттамалық шешімдерін, аппараттық кеңестер мен бөлім басшысының тапсырмаларын және Департамент басшылығының өзге де тапсырмаларын орындауды жүзеге асыру; Табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнаманы сақтауын бақылауды жүзеге асыру; Заңнамада белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу; Өз құзыреті шегінде табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзу туралы фактілерді (істерді) қарау; Департамент атынан сот процестеріне қатысу; Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау; Сот органдарына берілетін табиғи монополиялар және электр энергетикасы туралы заңнамаларын бұзылуы анықталған фактілері бойынша сот органдарына талап-арыздар дайындау; Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама енгізу; Табиғи монополияларды реттеу саласында мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі өтініштерді қарау; Бөлімнің бас маманының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (өтініштерін, шағымдарын, хабарламаларын, сұрауларын, пікірлері мен ұсыныстарын) белгіленген мерзімдерге сәйкес қарау және оларды қарау бойынша білікті жауаптарды дайындау; Құпия емес іс жүргізуді және мемлекеттік тілдің іс жүргізуде қолданылуын бақылауды қамтамасыз ету; Еңбек заңнамасын және мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сақтау және еңбек режимі мен жағдайларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау; Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінен берілген ақпарат негізінде Бөлімнің бас маманының құзыретіне кіретін есептерді, сондай-ақ Департаменттің қызметі бойынша талдамалық ақпаратты уақтылы дайындауды және тапсыруды қамтамасыз ету; Департаменттің жұмыс жоспарын қалыптастыруды қамтамасыз ету, Департамент басшысы үшін оның орындалуын бақылауды және есепті дайындауды жүзеге асыру; Мемлекеттік және еңбек тәртібін, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау.
«А» функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
a.khusainova@economy.gov.kz
- 07.11.2024
- ZOOM бейне-конференция-байланысы арқылы (Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс , 650 - каб.)
-
8 7172-74-26-08