Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің бас маманы (санаты С-О-5, 2 бірлік)

Мемлекеттік орган

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментікомитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті

Аймақ

Солтүстік Қазақстан облысы

Санат

С-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

259515

Жалпы біліктілік талаптары

С-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұнай газ ісі
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Қаржы
  • Мемлекеттік аудит

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетіне және басқа да мемлекеттік органдарға ұсынылуға тиіс есептерді, хаттарды, анықтамалар мен ақпаратты дайындау. Бөлім құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, Департамент басшылығының бақылау және басқа да тапсырмаларын орындау және ақпараттық-талдау материалдарын дайындау. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілерін тексеруге қатысу. Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген, сондай-ақ қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асыру жөніндегі функциялары жоғары тұрған органның бұйрығымен берілген мемлекеттік тіркелімнің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополиялар субъектілерінің және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінің қызметін реттеу. Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу мәніне табиғи монополиялар салаларын талдауды жүзеге асыру. Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді немесе олардың шекті деңгейлерін, тарифтік сметаларды, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерге уақытша төмендету коэффициенттерін, инвестициялық бағдарламаларды бекітуге; реттеліп көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алу және орнату үшін ақы алу мөлшерін келісуге; жекелеген іс-әрекеттер жасауға келісім беруге өтінішхаттарды қарау және олар бойынша шешімдер жобаларын дайындау. Бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы табиғи монополиялар субъектілерінің есептеріне талдау жүргізу және олар бойынша қорытындылар, шешімдер жобаларын дайындау. Қоғамдық маңызы бар нарықтардағы бағаларды мемлекеттік реттеу. "Монополист" базасын жүргізу, бөлімнің қызметі туралы ақпаратты МОИРБП-ға орналастыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес департамент басшылығының тапсырмасы бойынша өзге де функцияларды орындау.

«А» функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 23.01.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.01.2024 – 01.02.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 30 МБ

Сұхбаттасу күні

06.02.2024

Сұхбаттасу орны

ZOOM бейне-конференция-байланысы арқылы (Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, кіреберіс , 650 - каб.)

Анықтама алу үшін байланыс

8 7172-74-26-08