Атырау облысында қоғамдық қабылдау өткізілді

2022 жылғы 2 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті Атырау облысының табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарық субъектілері өкілдерінің қатысуымен онлайн режимінде тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдау Facebook әлеуметтік желісі арқылы Департаменттің ресми парақшасы арқылы көрсетілді, онда кез-келген тұтынушы коммуналдық саласы бойынша сұрақтарын қоя алады және оған тиісті жауап ала алады.
Қоғамдық қабылдау өткізу барысында қатысушылар сұрақтар қойып, оларға табиғи монополиялар субъектілері мен Департамент басшысы тиісті жауаптар берді.
Қоғамдық қабылдау өткізу барысында Департамент басшысы Ә. Төлеп қатысушыларды Департаменттің негізгі қызметі, ағымдағы жылдың шілде айындағы негізгі жұмысы туралы хабардар етті.