Ақтөбе қ. «Компания «Техногаз» ЖШС-нің өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды «Компания «Техногаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінң 2022-2026 жылдарға арналған тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімдерін қарау бойынша жария тыңдауларға шақырады.
Аймақтағы тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, «Компания «Техногаз» ЖШС-нің жария тыңдауы 2021 жылғы 1 қазанда сағат 15:00-де жергілікті уақытпен «онлайн» режимде өтеді.
«COVID-19» коронавирус індетінің таралуын болдырмау мақсатында,тұтынушылар мен басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар «Facebook» қосымшасы арқылы «online» режимде қатыса алатындығын хабарлаймыз.
Жария тыңдауға қатысу үшін сілтеме бойынша өту қажет:
- http://www.facebook.com/100015441583508 (Департаменттің Facebook-тағы ресми парақшасы)
Уәкілеті органның мекенжайы: Ақтөбе облысы, Ақтөбе қ., А.Молдагулова даңғылы 46, байланыс телефоны: 8 (7132) 74-30-65.
Табиғи монополия субъектісінің байланыс телефоны: «Компания «Техногаз» ЖШС
8 (7132) 45-11-61.