Астана қаласы бойынша ТМРКД сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша семинар өткізілді
2026 жылғы 16 наурыз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы талаптарының сақталуы және құмар ойындарынан бас тарту мәселелеріне арналған семинар өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарына, Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзекті өзгерістерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен талаптарды сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинардың жеке блогы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жоғарылау факторы ретінде лудоманияның алдын алуға арналды. Ойынға тәуелділік пен қаржылық тұрақсыздық қызметкердің осал жағдайға түсуіне себеп болуы мүмкін екені және қызметтік міндеттерді сапалы орындауға кері әсерін тигізетіні атап өтілді. Қаржылық тәртіпті сақтау, жауапты мінез-құлық таныту және алдын алу шараларын уақытылы қабылдаудың қажеттілігі айтылды.