Тараз қаласында «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-ның, «QAZAQGAZ AIMAQ» ЖӨФ АҚ-ның, «Шу жылу» КМК-ның және «Жамбыл жылу» КМК-ның тарифтер жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар ауыстырылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-ның электр энергиясын беру және бөлу, «QAZAQGAZ AIMAQ» ЖӨФ АҚ-ның тауарлық газды газ таратушы құбыржолдары арқылы тасымалдау, «Шу жылу» КМК-ның және «Жамбыл жылу» КМК-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтеріне арналған тарифтер жобасын талқылау бойынша жария тыңдаулар өтетін күні ауыстырылғандығын хабарлайды.
Жария тыңдау тарифті бекітуге немесе өзгертуге өтінімді қарау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндетті рәсім болып табылады. Оларды өткізу ашықтықты қамтамасыз етуге, тұтынушылардың пікірлерін ескеруге және тарифтерді бекіту кезінде әділеттілік қағидаттарын сақтауға бағытталған.
Жария тыңдаулар 2025 жылғы 31 қазан күні сағат 11:00-де Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі №78, 7 қабат, 720 кабинет мекенжайында өтеді.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауларға қатысуға шақырады.
Сонымен қатар, «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС-ның, «QAZAQGAZ AIMAQ» ЖӨФ АҚ-ның, «Шу жылу» КМК-ның және «Жамбыл жылу» КМК-ның тұтынушылары мен өзге де мүдделі тұлғалар онлайн режимінде де Департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жария тыңдауға қатыса алады. Сілтеме: (https://www.facebook.com/profile.php?id=100050243313758).
Әрбір тілек білдіруші онлайн режимде өз сұрақтарын қойып, оларға жауап ала алады.
Қосымша сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 8 (7262) 43-14-41.