Жетісу облысы бойынша департаментінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінде «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында кеңес өткізілді.
Кеңесте Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Г.Шарапиева сөз сөйледі. Әдеп жөніндегі уәкіл өз сөзінде Департаменттің әрбір қызметкері Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алуы, нормативтік-құқықтық актілерді мінсіз орындауы және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы тұра білуі тиіс екенін атап өтті.
Сондай-ақ, алдағы мерекелер қарсаңында Әдеп жөніндегі уәкіл Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама талаптарын заңсыз материалдық сыйақы алуға жол бермеу туралы қатаң сақтау қажеттігін еске салып, Әдеп кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтауға және қоғам тарапынан сынға ұшырауы мүмкін күмәнді іс-шараларға қатысудан бас тартуға шақырды.