Алматы қаласында «Реал Коммун Сервис» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтті

2024 жылғы 20 желтоқсандағы сағат 15:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Реал Коммун Сервис» ЖШС-ның электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша тарифтерін және тарифтік сметаларын бекітуге өтінімдерін қарау шеңберінде жария тыңдаулар өткізді.
Жария тыңдауларға «Реал Коммун Сервис» ЖШС-ның тұтынушылары мен өкілдері, мүдделі тұлғалар Департаменттің «Facebook» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында тікелей эфирге қатысты https://m.facebook.com/dkrem.almaty/.
Жария тыңдаулар барысында тұтынушылар қызықтырған сұрақтарын қойып, Департамент өкілі тиісті түсініктемелер берді.
Жария тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі заңнамада белгіленген мерзімде қабылданатын болады.