Алматы облысы бойынша ТМРКД Жамбыл облысының «Теміржолсу - Алматы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізді

жария тыңдаулар

2024 жылғы 22 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алматы облысында Жамбыл облысының «Теміржолсу - Алматы» ЖШС-ның тарату желілер арқылы су беру қызметі бойынша тариф және тарифтік смета жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.

Тарату желілер арқылы су беру бойынша қызметіне тариф жобасы – 2384,19 тенге/м3

Жария тыңдауға шақырылған мүдделі тұлғалар және субъектінің тұтынушылары жалпы саны 28 адам қатысты.

Департаменттің шешімі жария тыңдаудағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданатын болады.