«Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның тарифтері өзгеріспен бекітілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 601-бабының 1), 3), 10) және 11) тармақшалары негізінде электр энергиясын беру қызметіне тарифтер және тарифтік смета бекітуге өтінім берді.
Департамент тарифтер мен тарифтік сметаны өзгерту үшін Субъект ұсынған негіздеуші құжаттарды сараптау нәтижелері бойынша тиісті түзетулер жүргізді.
Өтінімді қарау қорытындысы бойынша, Департамент 2024 жылғы 15 сәуірден бастап қолданысқа енгізіле отырып, 2021-2026 жылдарға арналған «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметіне , атап айтқанда 1кВт.сағат үшін ҚҚС-сыз:
- 2024 жылға – 7,206 теңге;
- 2025 жылға – 7,125 теңге;
- 2026 жылға – 7,019 теңге мөлшерінде тарифтер бекітті.