Ақтөбе облысының Темір ауданында жылумен жабдықтау қызметіне тариф төмендеді

Ақтөбе облысының Темір ауданында жылумен жабдықтау қызметіне тариф төмендеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті «Шұбарқұдық жылуКМК-ның реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2019 жылға тарифтік сметаларын орындау туралы есептеріне талдау жасады.

Талдау барысында субъектінің жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметіне бекітілген тарифтік сметада қарастырылған шығын баптары ішінара орындалмағансоның салдарынан субъект негізсіз кіріс алғанын анықтады.

Осыған байланысты, Департамент тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында, уақытша өтемдік тариф бекіту арқылы заңнамаға сәйкес шара қолдады.

Нәтижесінде, Департаменттің бұйрығына сәйкес «Шұбарқұдық жылуКМК-ы Шұбарқұдық ауылының тұрғындарына 9,2 млн.теңгеден аса қаражатты тарифін 1 Гкал үшін 5 566,87 теңгеден 4 457,14  теңгеге немесе 20%-ға төмендету арқылы қайтарады.

Бұйрық 2020 жылдың 1 қазанынан бастап күшіне енеді.