Астана қ. «Астана-Энергия» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Астана қ. «Астана-Энергия» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

2023 жылғы 5 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті 2024-2028 жылдарға арналған жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтер мен тарифтік сметаны бекітуге арналған «Астана-Энергия» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдауға «Астана-Энергия» АҚ-ның өкілдері, Астана қаласы мәслихатының депутаты, тариф белгілеу мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, БАҚ және өзге мүдделі тұлғалар қатысты.

Өтінімін талқылау мақсатында «Астана-Энергия» АҚ-ның Басқарма Төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Аслан Жасқайратұлы Шиапов баяндама жасады.

Департаменттің шешімі жария тыңдаудағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып қабылданады.