Министр Қуантыров Ә.С. Солтүстік Қазақстан облысында болды

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жұмыс сапары барысында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында Департаменттің негізгі жұмыс бағыты, сондай-ақ тарифтік саясат және желілерді үздіксіз қамтамасыз ету және оларға қызмет көрсету үшін инвестиция тарту талқыланды. Министр тариф белгілеу мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды, «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасын іске асыруды және халықпен кері байланысты күшейтуді тапсырды.