Тереңкөл а. «Бастау» КМК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау жөніндегі қызметтерге «Бастау» КМК-ның тарифтерінің жобаларын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.
Жария тыңдау 2022 жылғы 26 желтоқсанда сағат 11.00-де Тереңкөл ауылы, Елгин 172 к., әкімдіктің кіші залы мекенжайы бойынша өтеді. Сондай-ақ, Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=100064953654562) жүргізіледі.
Департамент осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Анықтама телефоны: Департамент – 8(7182)787098.