Шет ауданында «Электржабықтау» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті

Шет ауданында «Электржабықтау» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өтті

2022 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Шет-Энерго» ЖШС-ның желілеріне қосылған Шет ауданының тұтынушылары үшін электрмен жабдықтау қызметтерінің бағасының алдағы уақытта көтерілуі туралы «Электржабдықтау» ЖШС-ның хабарламасын қарау бойынша жария тыңдау өткізді.

Жария тыңдау сондай-ақ тыңдауға келе алмағандар үшін онлайн режимінде Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасы және Zoom платформасы арқылы өткізілді.

Жария тыңдауға жалпы саны 15 адам қатысты.

Жария тыңдаудағы қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Департаменттің шешімі 2022 жылғы 20 қазанда қабылданады.