Жылу төлемақысы қайта есептеледі

Жарияланған күні: 12 маусым 2020

Өткен қыс мезгілі қызылордалықтар үшін жайлы болды, деп хабарлайды «Хабар 24». Аяз қыспағаннан кейін қазандықтарға отын аз жұмсалды. Сондықтан облыс тұтынушыларына жылу үшін 53 миллион теңгеден астам сомаға қайта есептеу жүргізіледі. Табиғи монополияларды реттеу департаменті мамандарының айтуынша, жылу орталықтары минус 1 мен 9 аралығында суық ауа райын бағамдап от жақса, далада керісінше термометр көрсеткіші 1-8 градус жылылықты көрсетіп тұрған. Осыған сәйкес 2019-2020 жылдар аралығындағы жылыту кезеңі үшін сыртқы ауаның нақты температурасын есептеу нәтижесімен жылу есептегіш аспаптар орнатпаған тұрғындардың төлемақысы қайтарылады. Бұл қалалық, аудандық және темір жол нысандарын жылумен жабдықтаушы коммуналдық мекемелердің бәріне қатысты ұйғарым. Гүлмира Өтегенова, ҚР ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы:

– Мысалы, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК бойынша тұрғын үйлерге әр шаршы\метрге 38,72 тиын, ал тозығы жеткен үйлерге шаршы\метріне 28,56 тиын қайтарылатын болады. Қайтару келесі жылу маусымында жылуға төлемақы кезінде қайта есептеу арқылы жүргізіледі.

Дереккөз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/402082-yzylordaly-tardy-zhylu-t-lema-ysy-ajta-esepteledi