Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері Петропавл 2-ЖЭО-да болды
Өңірдің жылу энергетикасы саласында 17 табиғи монополия субьектісі қызмет көрсетеді. Өткен жылы оның төртеуіне уақытша өтемдік тариф бекітіліпті. Яғни, табиғи монополияларды реттеу комитеті жүктелген міндетті дұрыс орындамаған ұйымдарға тұтынушы төлейтін тариф бағасын төмендеткен. Бүгін мамандар Петропавл 2-ші жылу электр орталығында болып, нысанның жұмысын тексерді.