Петропавлда ТМРК төрағасының қатысуымен «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның нысаны бойынша баспасөз тур өтеді

Петропавлда ТМРК төрағасының қатысуымен   «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның нысаны бойынша баспасөз тур өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Комитет жұмысының негізгі бағыттарын жария ету жөніндегі Медиа-жоспардың 17-тармағын орындау мақсатында, табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін орындау шеңберінде баспасөз турларын, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын өткізу көздеген.

Осы жолы баспасөз тур «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның нысандары бойынша өтеді, яғни Петропавл ЖЭО-2 нысанына бару жоспарлануда.

Баспасөз тур Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаевтың қатысуымен өтеді.

Баспасөз турдың өтетін күні мен уақыты: 2021 жылғы 17 қыркүйек,  сағат 14:30-да.

Нысандарға бару үшін жиналатын орын: Облыстық мәслихат, көлік (автобус) Горький көшесі жағынан беріледі, нысанға сағат 14.00-де шығады.

Департамент аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылардың және олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Қаладағы карантиндік режимді ескере отырып, келесі санитарлық нормалар сақталады:

- маска режимін сақтау және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтық;

- келушілердің дене температурасын тепловизормен тексеру;

- 65 жастан аспаған келушілердің болуы.

Бұл ретте, санитарлық нормаларды сақтау мақсатында баспасөз турына қатысушыларды қатысу туралы ақпаратты 2021 жылғы 16 қыркүйек сағат 18.00-ден кешіктірмей Департаменттің dkrem.sko@economy.gov.kz электрондық мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз немесе 8 (7152) 61-82-78, +77770838950 телефондарына қоңырау шалыңыз.

Оқиға күні

17 қыркүйек 2021

Өткізу орны

Петропавл қ. Петропавл 2-ЖЭО

Оқиға түрі

Хабарландыру

Кіру

тегін