Онлайн-форматта ТМРК-да кезекті қоғамдық қабылдау өтеді


Көктемнің алғашқы айдың екінші күні ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің дәстүрлі қоғамдық қабылдауы өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық қабылдаулар ТКШ тұтынушыларының проблемаларын шешу және коммуналдық қызметтер саласындағы проблемалық мәселелерді түсіндіру мақсатында өткізіледі.
Азаматтар қабылдауға 2 наурызда сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде қатыса алады.
Комитеттің ресми парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82-%D0%BF%D0%BE-%D1%80%D0%B5%D0%B3%D1%83%D0%BB%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8E-%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B9-%D0%9C%D0%9D%D0%AD-%D0%A0%D0%9A-1087645634745907/)
Аймақтық департаменттердің қоғамдық қабылдаулар сілтемелерін Комитеттің веб-сайтындағы аймақтық жаңалықтар арнасынан табуға болады https://www.gov.kz/memleket/entities/krem?lang=kk
Әдеттегідей, тұтынушыларды қабылдауға белсенді қатысуға және электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, мұнай және газ тасымалдау, сондай-ақ теміржол көлігі салаларына қатысты сұрақтар қоюға шақырамыз.
02 наурыз 2021
онлайн
Хабарландыру
бесплатно