«ҚазТрансОйл» АҚ-ның тарифтің және тарифтік сметаның жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өтеді


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті жария тыңдау өткізеді, онда «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай тасымалдау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге 2020-2024 жылдарға арналған тарифін және тарифтік сметасын бекітуге арналған өтінімі қаралатын болады.
Жария тыңдау Комитет төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өтеді.
Жария тыңдауға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, табиғи монополиялар субъектілері, тұтынушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері шақырылады.
Жария тыңдау 2019 жылғы 22 қарашада сағат 15:00-де мына мекенжайда өтеді: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, кіреберіс-7, кабинет 332.
Табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес, жария тыңдаулар жариялылықты, ақпараттандыруды, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтауды, тарифтерді қалыптастырудың ашықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында өткізілетінін атап көрсету қажет.
БАҚ аккредиттеу мәселелері бойынша 8 (7172) 741738 телефоны немесе kremzkpp.gov@gmail.com мекенжайы арқылы сұрауға болады.
22 қараша 2019
Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, кіреберіс-7, кабинет 332.
Хабарландыру
Бесплатно