Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн режимде өтеді

Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн режимде өтеді

Келесі айдың басы жақындап та келді, бұл ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ТКШ қызметтерінің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдау өткізуін білдіреді.

Әдеттегідей, қоғамдық қабылдаулар еліміздің барлық өңірлерінде, соның ішінде Комитеттің орталық аппаратында 3 қарашада сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін өтеді.

Елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қоғамдық қабылдаулар Facebook әлеуметтік желісі арқылы трансляцияланады. Комитеттің ресми парақшасына сілтеме: https://www.facebook.com/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82-%D0%BF%D0%BE-%D1%80%D0%B5%D0%B3%D1%83%D0%BB%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8E-%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B9-%D0%9C%D0%9D%D0%AD-%D0%A0%D0%9A-1087645634745907/)

Тұтынушылар тікелей эфирде ТКШ саласына қатысты (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, мұнай және газ тасымалдау, сондай-ақ теміржол көлігі) сұрақтарға жауап ала алады.

Оқиға күні

03 қараша 2020

Өткізу орны

онлайн

Оқиға түрі

Хабарландыру

Кіру

бесплатно