Елордада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімдері бойынша жария тыңдау өтеді

Елордада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның  өтінімдері бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2020 жылғы 21 қазанда сағат 12-00-де «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның магистральдық темір жол желілері, бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдар және электр энергиясын беру салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтеріне 2021-2025 жылдарға арналған тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге берген өтінімдері бойынша жария тыңдаулар өткізу жоспарланғаны туралы хабарлайды.

Жария тыңдаулар Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, кіреберіс 11, кабинет № 439 мекенжайында өтеді өтеді.

Алайда, елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жария тыңдауларға қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақтауымен қатысушылардың шектеулі саны қатыса алады, атап айтқанда:

  • жария тыңдау өткізілетін ғимаратта болған барлық кезеңде медициналық маскаларды пайдалану;
  • әлеуметтік қашықтықты сақтау.

Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.

«ZOOM» платформасына қосылу үшін конференция идентификаторын, қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында, төменде көрсетілген нөмірлерге қонырау шалу арқылы алуға болады.

Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады:

https://www.facebook.com/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82-%D0%BF%D0%BE-%D1%80%D0%B5%D0%B3%D1%83%D0%BB%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8E-%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B9-%D0%9C%D0%9D%D0%AD-%D0%A0%D0%9A-1087645634745907/

Тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 29 бабының 3) тармақшасына сәйкес тарифтің уәкілетті органның қарауына қоғамдық бірлестіктердің қатысуға құқылы екенін қосымша хабарлаймыз («Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өтінімдері ашық қолжетімділікте www.bazamonopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-22-06, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 60-37-09, 60-37-18 www.railways.kz.

Аккредиттеу мәселелері бойынша 8 (7172) 741738, 8701-556-12-95 телефондары немесе kremzkpp.gov@gmail.com мекенжайы арқылы сұрауға болады.

Оқиға күні

21 қазан 2020

Өткізу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, кіреберіс 11, кабинет № 439

Оқиға түрі

Хабарландыру

Кіру

бесплатно