Кезекті қоғамдық қабылдау онлайн режимде өтеді


ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті ағымдағы жылдың 4 тамызында сағат 15.00-ден сағат 16.00-ге дейін ТКШ саласындағы проблемалық мәселелер бойынша кезекті тұтынушылардың қабылдауын жүргізеді.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, қабылдау Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің ресми парақшасы арқылы кезекті рет онлайн режимде өтеді (https://www.facebook.com/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82-%D0%BF%D0%BE-%D1%80%D0%B5%D0%B3%D1%83%D0%BB%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8E-%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B9-%D0%9C%D0%9D%D0%AD-%D0%A0%D0%9A-1087645634745907/).
Осы күні азаматтардың қабылдауын онлайн режимінде Комитеттің аумақтық департаменттері де Facebook әлеуметтік желісі арқылы өз аймағы бойынша өткізеді.
Тұтынушылардың ТКШ саласындағы маңызды сұрақтарына Комитеттің орталық аппаратының және аумақтық департаменттердің өкілдері, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, мұнай мен газды тасымалдау, сондай-ақ темір жол көлігі салаларында қызмет ететін табиғи монополиялар субъектілері жауап береді.
Әр азамат тікелей эфирде қоғамдық қабылдау барысында жауап және шешім жолдарын ала алады.
04 тамыз 2020
онлайн
Хабарландыру
бесплатно