ҚР ҰЭМ ТМРК «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді


ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2024 жылғы 27 мамыр күні сағат 15:00-де «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау және локомотивтік тарту қызметі бойынша шекті бағаларының өсуі бойынша хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.
Жария тыңдау Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8 үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 10 кіреберіс, № 439 кабинет мекенжайында өтеді.
Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.
Қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында «ZOOM» платформасына қосылу үшін сілтемені төменде көрсетілген нөмірлерге қонырау шалу арқылы алуға болады.
Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады: https://www.facebook.com/profile.php?id=100067783764461.
Тыңдауға ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады («ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің хабарламасы ашық қолжетімділікте https://monopolist.gov.kz/ сілтеме бойынша орналастырылған).
Комитеттің және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-20-10, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 610-409 www.ktzh-gp.kz.
27 мамыр 2024
Астана қ., Мәңгілік ел даңғ., 8 үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 10 кіреберіс, № 439 кабинет
Хабарландыру
Тегін