ТМРК «ҚТЖ - Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді

ТМРК «ҚТЖ - Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-ның хабарламасы бойынша жария тыңдау өткізеді

 ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2023 жылғы 16 қазан күні сағат 15:00-де «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-ның жолаушылар қозғалысындағы локомотивтік тартқыш қызметі бойынша шекті бағаларының өсуі бойынша хабарламасын қарау шеңберінде жария тыңдау өткізетінін хабарлайды.

Жария тыңдау Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 11 кіреберіс, № 439 кабинет мекенжайында өтеді.

Сонымен қатар, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.

«ZOOM» платформасына қосылу үшін конференция идентификаторын, қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында, төменде көрсетілген нөмірлерге қонырау шалу арқылы алуға болады.

Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады: https://www.facebook.com/profile.php?id=100067783764461.

Тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатыса алады. («ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-ның хабарламасы ашық қолжетімділікте www.bazamonopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайы: тел. +7 (7172) 74-22-06, www.gov.kz/memleket/entities/krem , тел. +7 (7172) 611-905 www.railways.kz.

Оқиға күні

16 қазан 2023

Өткізу орны

Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 8 үй, «Министрліктер үйі» Әкімшілік ғимараты, 11 кіреберіс, № 439 кабинет

Оқиға түрі

Хабарландыру

Кіру

Тегін