ТМРК кезекті қоғамдық қабылдау өткізеді


ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті кезекті қоғамдық қабылдау өткізеді, ол 2022 жылғы 6 қырқүйекте сағат 15.00-де өтеді.
Тұтынушыларда реттелетін коммуналдық қызметтерге байланысты қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі болады.
Көрсетілім Комитеттің Facebook-тегі ресми парақшасы арқылы жүргізіледі.
Комитеттің Facebook парақшасына сілтеме:
Естеріңізге сала кетейік, осындай қоғамдық қабылдаулар еліміздің барлық өңірлерінде көрсетілетін болады және тұтынушылардың ТМРК департаментіне тұрғылықты жері бойынша сұрақ қою мүмкіндігі бар.
Өңірлік департаменттердің қоғамдық қабылдауларына сілтемелерді Комитеттің веб-сайтындағы аймақтық жаңалықтар арнасынан табуға болады.
Оқиға күні
06 қыркүйек 2022
Оқиға түрі
Видеоконференция