Асан Дарбаев «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның баспасөз турына барады


Тарифтік ведомствоның басшысы «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның баспасөз турына барады, бұл Өскемен қаласында өтетін болады, және оның ұйымдастуршысы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті болып табылады.
ТМРКД-ы баспасөз турды табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттемелерін орындау, атап айтқанда инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын орындау аясында өткізетін болады.
Баспасөз тур «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ-ның нысандарында өтеді, яғни:
- 110/35/6 СДИ Қосалқы станция - күштік трансформаторларды ауыстыру;
- 110/35/6кВ «Левобережная» қосалқы станциясы– қосалқы станцияны қайта жаңарту.
Баспасөз турдың өтетін күні мен уақыты: 2021 жылғы 15 қазан, сағат 10.30.
Нысандарға бару үшін жиналатын орын: «Біріккен ЭнергоСервистік Компаниясы» АҚ Өскемен қ., Бажов к., 10, нысанға шығу сағат 10.30-де.
Департамент аталған іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Қаладағы карантиндік режимді ескере отырып, келесі санитарлық нормалар сақталады:
- маска режимін сақтау және кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтық;
- келушілердің дене температурасын тепловизормен тексеру;
- 65 жастан аспаған келушілердің болуы.
Бұл ретте, санитарлық нормаларды сақтау мақсатында баспасөз турына қатысушыларды қатысу туралы ақпаратты 2021 жылғы 14 қазан сағат 18.00-ден кешіктірмей Департаменттің s.raeva@economy.gov.kz, электрондық мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз немесе: 8 (7232) 26-37-40, + 77055270062 телефондарына қоңырау шалыңыз.
15 қазан 2021
Өскемен қ. ШҚО
Хабарландыру
тегін