ТМРК-да «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

ТМРК-да «КазТрансГаз Аймақ»  АҚ-ның  өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті 2021 жылғы 19 қазанда сағат 15-00-де «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған бағасына сараптама жүргізу мәселесі бойынша жария тыңдаулар өткізу жоспарланғаны туралы хабарлайды.

Елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, жария тыңдаулар бұл жолы да онлайн режимде өтеді.

Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы және Facebook әлеуметтік желісіндегі Комитеттің парақшасы арқылы көрсетілетін болады.

«ZOOM» платформасының конференция идентификаторы: 745 1289 1955, пароль: Nw45gG.

Комитеттің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына мына сілтеме бойынша кіруге болады:

https://www.facebook.com/%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82-%D0%BF%D0%BE-%D1%80%D0%B5%D0%B3%D1%83%D0%BB%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8E-%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B5%D1%81%D1%82%D0%B2%D0%B5%D0%BD%D0%BD%D1%8B%D1%85-%D0%BC%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%B9-%D0%9C%D0%9D%D0%AD-%D0%A0%D0%9A-1087645634745907/

Тыңдауға қатысуға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, табиғи монополия субъектісінің, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 29 бабының 3) тармақшасына сәйкес тарифтің уәкілетті органның қарауына қоғамдық бірлестіктердің қатысуға құқылы екенін қосымша хабарлаймыз («КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның өтінімдері ашық қолжетімділікте www.bazamonopolist.gov.kz сілтеме бойынша орналастырылған).

Комитеттің және «КазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның байланыс телефондары және интернет-ресурсының мекенжайлары: тел. +7 (7172) 74-22-63, 74-25-23, www.gov.kz/memleket/entities/krem, тел. +7 (7172) 55-89-60, info@ktga.kz.

 

Оқиға күні

19 қазан 2021

Өткізу орны

Онлайн

Оқиға түрі

Хабарландыру

Кіру

Тегін