ТМРК төрағасының м. а. Т.Е.Қосымбаевтың электрмен жабдықтау қызметтеріне күтілетін бағаның өсуі бойынша ОКҚ-ғы брифингке баяндамасы
Қайырлы күн, құрметті БАҚ өкілдері және брифингке қатысушылар!
Бүгінгі күні 100-ден астам кәсіпорын іс жүзінде энергиямен жабдықтау қызметтерін көрсетеді, оның ішінде 37 кәсіпорынға бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылады, оны ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті жүзеге асырады.
Сонымен қатар, коммуналдық қызметтерге мораторий қолданылған кезеңде тұрғындар үшін электрмен жабдықтау қызметтеріне үнемдеу 839,7 млн теңгені құрады;
Түпкілікті тұтынушы үшін электр энергиясының бағасы үлесі орта есеппен 61% - ды құрайтын энергия өндіруші ұйымдардың босату бағасына, электр энергиясын беру тарифтеріне және энергиямен жабдықтаушы ұйымның жабдықтау үстемеақысына сүйене отырып қалыптастырылады, олардың үлесі түпкілікті бағада тиісінше 35% және 4% - ды құрайды.
Әріптестер атап өткендей, ҚР Энергетика министрлігі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 26 энергия өндіруші ұйым үшін шекті бағаларды орта есеппен 9,9% - ға арттыру туралы бұйрықты бекітті.
Халық үшін электр энергиясы бағасының өзгеруі субъектілерден өтінімдердің түсуіне қарай қалыптастырылатын болады.
Әрбір өңір бойынша әлеуметтік-экономикалық жай-күйге мұқият талдау және халық үшін тарифтердің өзгеруінің әрбір жағдайы бойынша жеке тәсіл жүргізілетін болады, бұл ретте уәкілетті орган қандай да бір елеулі арттыруға жол бермейді.
Тариф белгілеуді қалыптастыру мәселесі ашық екенін атап өткен жөн, электр энергиясының бағасын қарау барысында халықты, қоғамдық бірлестіктерді, БАҚ-ты және басқа да мүдделі тұлғаларды тарта отырып, жария тыңдаулар өткізілетін болады.
Қазіргі уақытта ТМС-тің тарифтік сметалары мен инвестициялық бағдарламаларына жыл сайынғы талдау жүргізілуде, тұтынушылардың қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда тарифтерді кейіннен төмендете отырып, уақытша өтемдік тариф қолданылатын болады.