Меню

Страницы

Статья

Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу

«Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес табиғи монополия субъектілері (бұдан әрі – ТМС) Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсете отырып енгізілуге жатады және табиғи монополиялар саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу Тіркелімді қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.

         Уәкілетті орган қалыптастыратын реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізімі Тіркелім болып табылады.

         Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына жол берілмейді.

         Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың уәкілетті орган қалыптастыратын тізімі Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі болып табылады.

         Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілмеген тұлғалардың реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуына жол берілмейді.

         Реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға реттеліп көрсетілетін қызметті тұтынушыларға ұсынуды бастаған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне өзін енгізу туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгінеді.

         Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімін қалыптастыру және жүргізу оған табиғи монополиялар субъектілерін енгізу және одан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.

         Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімі республикалық және жергілікті бөлімдерден тұрады.

         Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне екі және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.

         Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімдеріне бір облыстың немесе республикалық маңызы бар қаланың немесе астананың аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері енгізіледі.

         Аэронавигацияның, порттардың, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері Табиғи монополиялар субъектілері мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізіледі.

         Реттеліп көрсетілетін қызметті өзі ұсынатын орны бойынша Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілуге жататын шетелдік заңды тұлғаны қоспағанда, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне табиғи монополия субъектісі дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның тіркеу орны бойынша енгізіледі.

         Реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынуды тоқтатқан жағдайда, табиғи монополия субъектісі күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей уәкілетті органға өзін Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінен алып тастау туралы өтініш береді.

         Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару мемлекеттік қызмет болып табылады, оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығымен бекітілген) сәйкес көрсетеді.

         "Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу және шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандарты

         Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

         www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал)

         Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

         Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу – 30 минут;

         Аэронавигация, әуежайлар және байланыс саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, табиғи монополиялар субьектілерінің мемлекеттік тіркелімінен шығару – 2 жұмыс күні.

         Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

         Электрондық (толық автоматтандырылған)

         Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

         Тіркелімге енгізу не шығару туралы өтініш

         Жұмыс кестесі

         1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – "Мерекелер туралы" Заң) сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13:00-ден 14:30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін;

         2) портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Еңбек кодексіне және "Мерекелер туралы" Заңға сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

Дата публикации
Дата обновления
Тип

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы