Меню

Страницы

Статья

В районах ВКО затраты на питьевую воду достигают до 50%

Бұл ретте коммуналдық кәсіпорындар оларды ескермей, ауыл тұрғындарының шоттарына енгізбейді, ал тұтынушылар тиісінше су үшін ақша төлемейді

ШҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Қайрат Оразбаевтың коммуналдық қызметкерлермен кездесу барысында пайымдауынша, егер облыс орталығында "Өскемен Водоканал" және "Өскемен жылу желілері" сияқты табиғи монополиялар субъектілері ысыраптардың деңгейін үнемі төмендетіп, бұл мәселеде айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізсе, өңірдегі ауылдарда бұл мәселе басты мәселе болып қала береді, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Ауыз судың жоғалуы және ауылдық жерлердегі сумен жабдықтау желілеріне рұқсатсыз қосылу - барлық жерде орынсыз құбылыс. Сумен қамтамасыз ету қызметтері үшін тұтас ауылдар ақашасын төлемеген жағдайлар бар. Осыған байланысты монополияға қарсы ведомствоның басшысы әсіресе қуаттылығы аз коммуналдық кәсіпорындардың өкілдерін жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтасуға шақырды. - Біздің ауылдық елді мекендерде қанша су шүмек бар? - деп Қайрат Оразбаев наразылық білдірді. - Оларды ешкім есептемейді! Кейбір су шүмектерден су күні-түні ағады, ал су жай ғана жерге кетеді. Мәселен, кейбір ауылдардағы судың ағуы нәтижесінде біз 50%-ға дейін суды шығындаймыз. Сондай-ақ, Қайрат Назарұлы коммуналдық қызметкерлердің назарын орталық жылу жүйесіне қосылған жеке сектор тұрғындары өздерінде қайта жаңартуларды жүргізетінін, қосымша агрегаттар, сорғылар орнататынын атап өтті. Нәтижесінде, абаттандырылған үйлер жылусыз қалады. Көп қабатты үйлерде суық болады, ал тексеру кезінде жүздеген рұқсат етілмеген ойықтар анықталада. Оның пікірінше, коммуналдық қызметтер мен жылу желілерінің өкілдері әкімдіктермен бірге осындай орындарды пысықтап, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, осындай әрекеттердің жолын кесу және кінәлілерге айыппұл салуы қажет.

https://ustinka.kz/kz/kazakhstan/ust-kamenogorsk/50466.html

Дата публикации
19 ноября 2019
Дата обновления
19 ноября 2019
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
НЕ ПЕРЕПЛАЧИВАЙТЕ ЗА ОТОПЛЕНИЕ! ПРИБОРЫ УЧЁТА ТЕПЛОВОЙ ЭНЕРГИИ СБЕРЕГАЮТ ОТ 20% РАСХОДОВ ГРАЖДАН ЗА ОТОПИТЕЛЬНЫЙ СЕЗОН
Инфографика
18 октября 2024
Как соотносятся стоимость коммунальных услуг и величина заработных плат в Казахстане и соседних странах?
Направления
21 мая 2024
Картограмма коррупции

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы