Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАРЛЫҚ ГАЗДАНДЫРЫЛҒАН АУЫЛ МЕН ҚАЛАЛАРДЫҢ 40% АСТАМЫ НЕБӘРІ ЕКІ ӨҢІРГЕ ҒАНА ТИЕСІЛІ

Сонымен бірге, Қазақстан халық үшін газдың құны, сондай-ақ «көгілдір отынның» бағаға қатысты қолжетімділігі бойынша еуропа елдері арасында көш бастап келеді

Ағымдағы жылдың басында Қазақстанда табиғи газбен газдандырылған 1,07 мың елді мекен болған еді — алдыңғы жылға қарағанда 6% көбірек.

Газдандыру деңгейі бойынша облыстар рейтингісінде еліміздегі негізгі газ өндіруші өңір — Батыс Қазақстан облысы көш бастап тұр: мұнда 2020 жылдың қорытындысы бойынша 230 ауыл мен қала газдандырылды. Сонымен қатар көш бастап тұрған үштікте Жамбыл және Түркістан облыстары да бар: табиғи газбен жабдықталған 214 және 148 елді мекен.

Облыстардың топ үштігіне ел бойынша газдандырылған қала мен ауылдардың жалпы санынан жартысынан көбісі соларға тиесілі, ал ең үздік көрсеткіштермен тек екі өңір ғана — 40% астам.

ҚР-дағы газдандырудың іс жүзіндегі проблемалары — негізінен инфрақұрылымдық. Тікелей халық үшін газдың бағасы мен қолжетімділігі бойынша Қазақстандағы ахуал айтарлықтай қолайлы.

Сөйтіп, «РИА Рейтинг» сарапшылары атап өткендей, Еуропаның зерттелген елдері арасында неғұрлым арзан газды тұрғындар тек осы Қазақстанда ғана сатып ала алады екен: 1000 куб. м үшін 58,2 АҚШ доллары. Екінші орында Ресей (1000 куб. м үшін 88,5 АҚШ доллары), үшінші орында Беларусь орналасты (146,7 АҚШ доллары). Газдың арзандылығы бойынша алғашқы бестікке сондай-ақ Түркия мен Молдова елдері де кіреді, ал ең қымбат газ Швеция тұрғындары үшін (дегенмен, бұл елде барынша ЖЭК қолдануға ұмтылады, ал газды тұтыну шамалы ғана).

Одан бөлек, ең маңыздысы — Қазақстан газдың халық үшін қолжетімділігі бойынша да көш бастаушылардың бірі. Сөйтіп, ҚР-дың орташа статистикалық тұрғыны өзінің орташа айлық жалақысына айына 7,5 мың куб. м газды сатып ала алады — бұл Еуропа бойынша екінші көрсеткіш. Бұл критерий бойынша бірінші орында Люксембург (9,1 куб. м газ), ал Ресей осы көшбасшылар үштігін аяқтайды (6,8 мың куб. м газ). Сондай-ақ ТОП-5 Ұлыбритания мен Бельгия кірді, ал бұл көрсеткіштегі аутсайдер — Украина.

Ағымдағы жылы газға көтерме және бөлшек бағалардың аздап артқаны байқалады. Сөйтіп, 2021 жылдың тоғыз айдағы қорытындысы бойынша, ҚР тұрғындары үшін тарату желілері арқылы тасымалданатын газ аздап қымбаттады: өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 1,9%.

Сонымен қатар, бөлек өңірлерде, керісінше, бағалардың төмендегені байқалады: Қызылорда облысы — 1,3%, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында — 0,3%-ға. Ақмола облысында бағалар жылдық динамика бойынша өзгеріссіз қалды.

Анықтама үшін: бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңде (қаңтар-қыркүйек) сектордағы бөлшек сауда бағаларының төмендеуі байқалған еді (минус 0,5%), 2019 жылы да солай (минус 3%).

Дереккөз: https://www.energyprom.kz/ru/a/monitoring/bolee-40-vseh-gazificirovannyh-syol-i-gorodov-kazahstana-prihodyatsya-vsego-na-dva-regiona 

Дата публикации
07 октября 2021
Дата обновления
07 октября 2021
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы