Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылы жалақы 19% өсті, оған қарағанда коммуналдық қызметтердің қымбаттауы небәрі 3% ғана құрады

Сонымен қатар, 2019 жылы және «коронадағдарыстық» 2020 жылдың бірінші жартысында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түріне тарифтер біршама төмендетілген еді

Ағымдағы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында орташа айлық атаулы жалақы 251,5 мың теңгені құрады — бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға жоғары. Инфляцияның ескерілуімен жалақылардың сатып алу қабілетінің шынайы өсімі 10,4% құрады.   

Сатып алу қабілетінің өсуі, соның ішінде, коммуналдық қызметтердің едәуір қолжетімді бағасына да байланысты. Сөйтіп, ағымдағы жылдың екінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге бағалардың жылдық өсімі небәрі 3,5% құрады; оның ішінде тарифтері мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің қымбаттауы — небәрі 3%. Анықтама үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында коммуналдық қызметтерге бағалардың жылдық өсімі 1,7% құрады, оның ішінде реттелетін — 0,2%; өткен жылдың соңғы тоқсанында коммуналдық қызметтердің жалпы қымбаттауы 2,8% құраған еді, реттелетін — 1,7% (салыстыру үшін: реттелмейтін — 5,1%).       

Тұтас алғанда, 2021 жылдың екінші тоқсанында тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және отынның басқа да түрлеріне тарифтердің жылдық өсімі жиынтықта 5,4% құрады. Мемлекет тарапынан реттелетін коммуналдық қызметтердің арасында елеулі түрде суық судың қымбаттағаны байқалады (бір жыл ішінде 5,7%). Сонымен бірге, мысалға, газдың құны небәрі 0,9% ғана өссе, жылу, керісінше, 0,9% арзандады. Салыстыру үшін: мемлекетпен реттелмейтін тұрғын үй қызметтерінің арасында қоқыс шығару бір жыл ішінде бірден 15,8%, домофон — 3,3%, тұрғын үй орынжайларына қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтер — 7,3%, тұрғын үй орынжайларына қызмет көрсету және жөндеу үшін материалдар — 7,3% қымбаттады. 

Мәлімет үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жалақының өсімі 15,2% құрады, инфляцияның ескерілуімен сатып алу қабілеті — 1,7%, ал тұрғын үй қызметтері, су, электр энергиясы, газ және басқа да отын түрлеріне бағалардың өсуі — 3,6% құрады. 

 

 

Атап өту керек: тұрғын үй және коммуналдық қызметтерге тарифтердің өсуі жиынтықта — мемлекетпен реттелетін, сондай-ақ реттелмейтін де — үнемі дерлік жалақы өсімінен едәуір төмен болатын. Сөйтіп, ағымдағы жылы екінші тоқсанның қорытындылары бойынша жалақының өсуі «коммуналкаға» тарифтердің өсімінен 3,4 есе оза түсті, ал бірінші тоқсанның қорытындылары бойынша — бірден 4,2 есе.  

Одан бөлек, 2019 жылы және «коронадағдарыстық» 2020 жылдың бірінші жартысында, ҚР халқы үшін аса ауыр кезеңде, жалақы өскен сайын, тұрғын үй және коммуналдық қызметтерге тарифтер, керісінше, төмендетілді. 

Байқағанымыздай, тұрғын үйге төлемнің қазақстандықтардың бюджетіне әсері шамалы. Анықтама үшін: ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ҚР тұрғындарының шығындары бір жан басына шаққандағы орта есеппен 188,2 мың теңгені құрады, оның ішінде, тұтынушылық шығындар — 174 мың теңге. Бұл жерде ақылы қызметтерге шығындар бір тоқсан үшін небәрі 33,5 мың теңгені құрайды, ал коммуналдық қызметтерге, тұрғын үйді күтіп ұстау және жөндеу үшін шығындар — небәрі 12,5 мың теңге немесе айына 4 мың теңгеден сәл жоғары.  

Яғни, коммуналдық қызметтерге, тұрғын үй қызметтеріне, сондай-ақ тұрғын үйді жөндеуге шығындар жиынтықта тұтынушылық шығындардың небәрі 7,2% ғана және орташа статистикалық қазақстандықтың тұтас шығындарының тек 6,7% ғана құрайды.

Дереккөз: https://finprom.kz/ru/article/na-fone-rosta-zarabotnyh-plat-na-19-za-god-udorozhanie-kommunalnyh-uslug-sostavilo-lish-3 

Дата публикации
07 сентября 2021
Дата обновления
07 сентября 2021
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы