Қайырлы күн, құрметті достар, Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сіздерді келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!
Коммуналдық саладағы табиғи монополия субъектілерін реттеу туралы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндауға рұқсат берулеріңізді сұраймын.
1-слайд
Халық үшін тарифтердің өсуін тежеу жөніндегі жұмыс қорытындылары
Комитет тұрақты негізде халық үшін тарифтердің өсуін тежеу жөнінде жұмыс жүргізуде. 2021 жылдың басынан бастап халық үшін тарифтердің өсуі 106 ТМС бойынша 63%-ға күтілді.
Халыққа қызмет көрсететін 40 ТМС-да уақытша өтемдік тарифтер мерзімінің аяқталуына немесе шекті тарифтің жаңа деңгейіне көшуге байланысты жоспарлы өсім (бұрын қабылданған шешімдер шеңберінде) салынды. Халық үшін: жылумен жабдықтау: 32,34%-ға дейін; сумен жабдықтау: 59,16%-ға дейін; су бұру: 56,19%-ға дейін тарифтердің жоспарлы өсуі күтілді.
Бұдан басқа, шекті тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты халыққа шекті тарифтерді бекітуге өтінімдермен ТМРК 66 ТМС өтініш білдірді. Халық үшін орта есеппен мынадай салаларда мәлімделген өсім: жылумен жабдықтау: 42,6%; сумен жабдықтау: 83,06%; су бұру: 80,07%; газбен жабдықтау: 67,80%; электр энергиясы: 20,18%.
Комитет 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін халық үшін тарифтердің өсуін тежеу бойынша шаралар қабылдады:
- уақытша өтемдік тарифтерді енгізу;
- ТМС инвестициялық бағдарламаларының басым емес іс-шараларын қысқарту;
- тарифті саралау арқылы «халық» тобынан жүктемені төмендету.
Осылайша, 2021 жылдың басына тарифтердің өсуі (2020 жылғы қаңтарды 2021 жылғы қаңтарға қарағанда салыстыру)
орташа -0,4%-ға (оның ішінде жылумен жабдықтау -3,75%-ға, сумен жабдықтау -0,34%-ға, су бұру -1,37%-ға, электрмен жабдықтау 3,92%-ға) тежелді.
Жалпы, жоғарыда аталған шаралар 2020 жылдан 2021 жылға көшу кезінде халық үшін тарифтердің көтерілусіз сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ 2021 жылғы бірінші тоқсанның соңына дейін халық үшін тарифтердің бір деңгейін сақтауға мүмкіндік берді.
2020 жылдың қорытындысы бойынша тарифтерді төмендету бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде барлық өңірлерде инфляцияға салымды 0,11% (жоспар 0,25%) деңгейінде сақтау қамтамасыз етілді.
Ағымдағы жылы да реттеліп көрсетілетін қызметтердің тарифтерінен түсетін салым инфляцияның белгіленген дәлізінен төмен болады деп болжануда.
2-слайд
Жол картасын іске асыру бойынша
Президенттің 2019 жылғы 19 маусымдағы тапсырмаларын орындау шеңберінде (Қазақстан Республикасы Президентінің № 27 Жарлығы, 84-тармақ) 2019 жылғы 30 желтоқсанда Тариф белгілдеудің ашықтығын, ТКШ саласындағы табиғи монополиялар субъектілері тұтынушылардың қаражатын мақсатты пайдалануға бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ коммуналдық қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға ынталандыру мен жол картасы форматында халықтың тұтынатын ресурстарға үнеммен қарау қатынасын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені қабылданды.
Осы Жол картасын іске асыру қорытындысы бойынша 2020 жылы мынадай бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілді:
3-слайд
2021-2025 жылдарға арналған инвестициялар
2015 жылдан бастап табиғи монополия салаларында тұтынушылар мен ТМС мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуге бағытталған 5 және одан да көп жылға арналған шекті ұзақ мерзімді тарифтерді қабылдау жөніндегі тарифтік саясат қолданылады.
2021-2025 жылдарға ТКШ саласының субъектілеріне жалпы сомасы 966,6 млрд.теңгеге инвестициялық бағдарламалар бекітілді (оның ішінде жылу энергетикасы - 171,4 млрд. теңге, сумен жабдықтау - 80,9 млрд. теңге,
су бұру - 23,8 млрд. теңге, электр энергетикасы - 636,3 млрд. теңге, тауарлық газды тасымалдау - 54,2 млрд. теңге).
Салынған инвестиция нәтижесінде мыналар күтілуде:
- апаттар санының 11%-ға төмендеуі;
- әрбір сала бойынша негізгі жабдықтың тозу көрсеткіштерін орта есеппен 6%-ға дейін төмендеуі;
- әр сала бойынша нормативтік-техникалық шығындарды 1,5%-ға дейін төмендеуі;
- әкімшілік-басқару және өндірістік персоналдың жалақысын 20%-ға өсуі.
4-слайд
ТМС-ның 2020 жылғы және 2021 жылғы 1- жартыжылдықтағы қызметін бақылау
Комитет табиғи монополиялар саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 2020 жылы 1,006 млрд.теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл сала отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша 412 қаулы шығарды, оның ішінде мемлекет кірісіне 631,2 млн. теңге, 2021 жылдың 1-ші жартыжылдығы үшін әкімшілік айыппұлдар – 332,8 млн. теңге, оның ішінде мемлекет кірісіне 173,7 млн. теңге өндірілді.
Сондай - ақ, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылы Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы 390 нұсқама енгізілді, оның ішінде 244-і орындалды.
2021 жылдың 1- жартыжылдығында табиғи монополиялар туралы заңнама нормаларының бұзылуын жою туралы 270 ұйғарым енгізілді, оның ішінде 162 ұйғарым орындалды.
5-слайд
2020 жылға УӨТ енгізу және жылу үшін қаражатты қайтару
Инвестициялық бағдарламалардың орындалуын бақылауға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын субъектінің инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалардың іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізіледі.
Комитетке және оның аумақтық департаменттеріне 1203 ТМС-дан 2020 жылға инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметалар іс-шараларының орындалуы туралы 2341 есеп келіп түсті, оның ішінде бүгінгі күні 798 ТМС-ның 1389 есебі қаралды, нәтижелері бойынша ТМС міндеттемелерінің орындалмауы анықталды, осыған байланысты елдің барлық өңірлерінде жалпы сомасы 10,2 млрд.теңгеге 266 ТМС-ға уақытша өтемдік тарифтері бекітілді (тарифтік сметаны орындамағаны үшін – 7,9 млрд.теңге, инвестициялық бағдарламаларды орындамағаны үшін –
2,3 млрд. теңге).
Бұл қайтарудың алғашқы сомасы, өйткені қалған есептер әлі де қарастырылуда, ал қайтару және тарифтерді төмендету әлі де болады.
Бұдан басқа, тұтынушыларға жылу беру кезеңіндегі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жыл сайын жылу үшін артық төленген ақша қайтарылады. 2020-2021 жылғы жылыту маусымының қорытындысы бойынша тұтынушыларға 415 млн. теңгеден астам ақшалай сома қайтарылды.
6- слайд
Ағымдағы жылы тарифтерінің ЭӨҰ, ЖЭК және газға өзгеруі
Ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап Энергетика министрлігі орташа 15% өсіммен 37 энергия өндіруші ұйымға тарифтерді бекітті, бұл соңғы тұтынушы үшін электрмен жабдықтау бағасына және жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау тарифтеріне мультипликативтік әсер етеді.
Осыған байланысты, электрмен жабдықтау бағасының өсуі ел бойынша орта есеппен 12,5%-ды құрады. Бұл ретте, халық үшін бағаның өсуі орта есеппен 10%-ды құрады. Айта кету керек, бұл өсім 2020 жылға қарағанда жоғары.
Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) пайдалануды қолдауға үстемеақы енгізді.
Бұл ретте, ЖЭК үстемесін ескере отырып, энергия өндіруші ұйымдар тарифтерінің өсуі орта есеппен 7,2%-ды, соңғы тұтынушы үшін электр энергиясы бағасының болжамды өсуі – 3,5%-ды құрады. Бұл әзірге болжам.
Сондай-ақ, ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап тауарлық газға көтерме бағалардың ел бойынша орта есеппен 10%-ға ұлғаюына және жекелеген өңірлерде тауарлық газды тасымалдау тарифтерінің өзгеруіне байланысты 2021 жылғы 1 шілдеден бастап түпкілікті тұтынушылар үшін тауарлық газ бағасының өсуі шамамен 6% - ды құрады.
7-слайд
Тариф белгілеудің ашықтығы
2021 жылдың 1-жартыжылдығында 2021 жылдың жарты жылдығының қорытындылары бойынша ТМС-ның барлық облыстарда тұтынушылар алдында 52 жария есебі және 2020 жылдың қорытындылары бойынша 322 жария есебі, 19 сөз сөйлеу, 108 қоғамдық қабылдау бөлмесі, 284 жария тыңдау өткізілді, сондай-ақ БАҚ-та 1700-ге жуық жарияланым (интернет-порталдар, теледидар, баспасөз басылымдары) орналастырылды, 2020 жылға 869 жылдық есеп және ТМС-ның 2021 жылғы 118 жартыжылдық есебі интернет-ресурстарда жарияланды, үшінші тұлғаларға қол жетімді «Монополист» ақпараттық базасы арқылы 9 мың құжат берілді.
Ашықтықты арттыру және жұртшылықты тариф белгілеу процесіне тарту мақсатында, сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Тарифтік саясат жөніндегі кеңес институты енгізілді.
Кеңестің құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, қоғамдық бірлестіктердің, жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің, ТМС өкілдері, сарапшылар және өзге де мүдделі тұлғалар кіреді.
Сонымен қатар, Кеңес жанындағы өңірлік комиссиялар және олардың дербес құрамдары Комитет департаменттері жанынан құрылды.
Бүгінгі күні ТСК-ның 1 отырысы, өңірлік комиссияның 43 отырысы өткізілді.
8-слайд
Қысқа мерзімді кезеңге арналған міндеттер
2021 жылы тұтынушылар мен ТМС арасындағы мүдделер теңгерімін сақтау, сондай-ақ іске асырылатын тарифтік саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында мынадай негізгі міндеттерді жүзеге асыру жоспарлануда:
- 2021 жылдың соңына дейін коммуналдық қызметтер тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу және инфляцияға үлес дәлізін сақтау;
- салалық МО және ЖАО-мен бірлесіп тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын талдау;
- «Табиғи монополиялар туралы» Заңға және тарифтерді қалыптастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы табиғи монополиялар саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру.
- коммуналдық салада бюджет қаражаты есебінен салынған иесіз желілер мен объектілерді ТМС сенімгерлік басқаруға беру мониторингі;
- тұтынушылардың әртүрлі топтары үшін сараланған тариф белгілеудің жаңа тәсілдерін, сондай-ақ халықтың неғұрлым әлеуметтік осал топтары үшін атаулы көмек тетіктерін әзірлеу;
- пилоттық режимде тариф белгілеудің ынталандырушы әдісін жетілдіру және іс жүзінде енгізу;
- Газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамытудың (кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау) тұжырымдамаларын, сондай-ақ Электр энергетикасын дамытудың 2025 жылға дейінгі ұлттық жобасын әзірлеуге және іске асыруға қатысу.
Назарларыңызға рахмет!