Меню

Страницы

Статья

Шымкенттіктер енді газ есептегіштерін қосу мен пломбалау үшін ақы төлемейді

Жоғарғы сот «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкенттегі өндірістік филиалын төлем алмауға міндеттеді.
Жоспардан тыс тексерудің нәтижесін ескере келе ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініштері негізінде «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Шымкенттегі өндірістік филиалына қатысты газ есептегіштерін қосу және пломбалау үшін ақы төлеуді тоқтату туралы нұсқама берген болатын. Компания департаменттің берген нұсқамасына қатысты Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шағым түсіргенімен, сот алқасы қанағаттандырусыз қалдырған болған. Алайда, Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімімен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгертілді. Ал департамент Жоғарғы сотқа апелляциялық сот шешімінің күшін жою туралы өтініш берді. Жоғарғы Сотының қаулысымен қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының шешімінің күші жойылып, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімі күшінде қалды. Осылайша «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ға газ есептегіштерін қосу және пломбылау үшін төлемдерді тоқтату міндеттелді. Енді Шымкент қаласының тұрғындары газды есепке алу аспаптарын пломбылау үшін 1086 теңге, газ қондырғыларын қосуға байланысты 2902 теңгені төлемейтін болады. Ал заңды тұлғалар үшін 4001 теңгеден басталатын төлемнен құтылады.

Дереккөз: https://inbusiness.kz/kz/last/shymkenttikter-endi-gaz-eseptegishterin-kosu-men-plombalau-ushin-aky-tolemejdi 

Дата публикации
11 августа 2020
Дата обновления
11 августа 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы