Меню

Страницы

Статья

Атырау облысында өз ісін талапқа сай орындамаған кәсіпорынға қомақты айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысында бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарын орындамағаны үшін «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-не 4 444 800 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-сін әкімшілік жауапқа тартып, бір мың алты жүз айлық есептік көрсеткіш көлемінде немесе 4 444 800 (төрт миллион төрт жүз төрт мың сегіз жүз) теңге айыппұл салды. «Магистральдық Суағызғысы»» ЖШС-і «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 15) тармақшасындағы міндеттемелерін орындамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. «Атап айтқанда, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ы суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру қызметіне бекітілген тарифтік сметаның шығын баптарының бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшердің 5 пайызынан астамын орындамаған»,-делінген хабарламада.


Дереккөз: https://www.inform.kz/kz/atyrau-oblysynda-oz-isin-talapka-say-oryndamagan-kasiporynga-komakty-ayyppul-salyndy_a3680858

Дата публикации
07 августа 2020
Дата обновления
07 августа 2020
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы