Меню

Страницы

Статья

ҚАЗАҚСТАН ЭНЕРГИЯНЫ ӨТЕ КӨП ТҰТЫНАТЫН ЕЛ, АЛ ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫНЫҢ ТАРИФІ ЕҢ АРЗАНДАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА

Қазақстан, Our World in Data мәліметінше, энергияны өте көп тұтынады: 2022 жылы жан басына шаққанда 44,7 мың кВт∙сағ болған. Бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Анықтама үшін: дүниежүзілік орташа көрсеткіш жан басына шаққанда 21 мың кВт∙сағ, Еуропа елдерінде — 38,2 мың кВт∙сағ, Азия елдерінде — 19,1 мың кВт∙сағ.

ТМД және Орталық Азия елдері арасында энергия тұтыну деңгейі ҚР-мен салыстырғанда Түрікменстанда (жан басына шаққанда 71,4 мың кВт∙сағ) және Ресейде (55,5 мың кВт∙сағ) жоғары, Беларусьте (31,1 мың кВт∙сағ) айтарлықтай төмен. Әзірбайжанда (18,7 мың кВт∙сағ), Өзбекстанда (16,9 мың кВт∙сағ) және Украинада (16,3 мың кВт∙сағ).

2021 жылғы деректерге қарағанда, Грузия (жан басына 20,8 мың кВт∙сағ), Армения (17,7 мың кВт∙сағ), Молдова (16 мың кВт∙сағ), Қырғызстан (9,3 мың кВт∙сағ) және Тәжікстанның (7,7 мың кВт∙сағ) тұтынған.

Сонымен қатар, Қазақстанда электр қуатының бағасы дәстүрлі түрде төмен: Қазақстан бұл жағынан ең арзан елдердің бірі. World Population Review мәліметінше, биыл республикада 1 кВт∙сағ электр энергиясының құны небәрі 0,05 АҚШ доллары, яғни 23 теңге шамасында болды. Ескерту: бұл электр энергиясына орташа сату тарифі. Халық үшін құны одан да төмен: 1 кВт∙сағ үшін шамамен 17-18 теңге, яғни 0,04 АҚШ долларынан аз.

Қырғызстанда (кВт∙сағ үшін 0,01 АҚШ доллары), Өзбекстанда (0,03 АҚШ доллары), Украинада (0,04 АҚШ доллары), Әзірбайжанда (0,05 АҚШ доллары) және Ресейде (0,06 АҚШ доллары) тарифтер де төмен. Көрсеткіштер Беларусьте (0,09 АҚШ доллары), Арменияда (0,1 АҚШ доллары) және Молдовада (0,12 АҚШ доллары) айтарлықтай жоғары.

Әлемдегі электр энергиясы ең қымбат елдер Дания (0,53 АҚШ доллары), Германия (0,52 АҚШ доллары) және Ұлыбритания (0,47 АҚШ доллары), бұл ҚР-ғна қарағанда тиісінше 11, 10 және 9 есе жоғары.

Өкінішке қарай, көпшілік арзан игілікті үнемдемейді. Қазақстанда, жалпы, су, газ, жылу болсын, коммуналдық қызметтерді үнемдеу әдеті жоқ, электр қуатының жағдайы да сондай.

Ысырып ету тұтынушылардың қалтасына да, экологиялық жағдай мен елдің болашағына да өте зиянды. ҚР-да электр энергиясының тарифтері көтеріледі: республика, бүкіл әлем сияқты, экономиканы көміртексіздендіруге міндеттеме алды, ал «жасыл» энергияға көшу кез келген жағдайда бағаның айтарлықтай өсуіне әкеледі. Бірақ бағаны есепке алмағанның өзінде энергияны жауапсыз тұтыну қоршаған ортаның әл-ауқатына, соның салдарынан халықтың денсаулығы мен өміріне қысым жасайды.

Мұнда ақылға қонымды қуат тұтыну бойынша ұсыныстар берілген.


Дереккөз: https://ranking.kz/kz/renking/kogam-rankings/kazakstan-energiyany-ote-kop-tutynatyn-el-al-elektr-energiyasynyn-tarifi-en-arzandardyn-katarynda.html 

Дата публикации
24 декабря 2023
Дата обновления
24 декабря 2023
Тип
Инфографика

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы