Меню

Страницы

Статья

Тариф негізсіз көтерілмейді

ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыс бойынша департаменті “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның ұзақ мерзімді кезеңге 2020-2024 жылдарға арналған тарифтерді бекітуге берген өтінімін қарау бойынша жиын өткізді. Оған мәслихат депутаттары, жергілікті басқару органдары, ҮЕҰ, облыстық кәсіпкерлер палатасы мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және тұтынушылар қатысты.

Басқосуда “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның директоры Марат Жәмиев шаруашылық жүргізу құқындағы мекеменің 2020-2024 жылдарға көрсе­тілетін қызметтерінің шекті деңгейдегі тарифтері жобасы аясында баяндама жасады.

Оның айтуынша, өтінімде жаңа тарифтің мөлшері 1 текше метрге ҚҚС-сыз сумен жабдықтау қызметі 128,79 теңгені, суды бұру қызметі 126,04 теңгені құрайды. Тарифтің өзгеруінің негізгі себебі – жаңа инвестициялық міндеттемелердің қабылдануы, қызмет көрсетілетін аумақтың ұлғаюы, тарапты ұйымдардың қызметтерінің бағасы мен салық төлемдерінің өсуі.

Бүгінде 73 мың абоненттің 19 мыңы төлемді толық төлесе, қалған тұтынушылар тарапынан төлемақы төленбей, дебиторлық қарыз қордаланып қалған. Осыған орай, мекеме басшысы қолма-қол ақша төлеудің тоқтатылғанын жет­кізді. Дегенмен, судың тарифін өсіруге байланысты қатысушылар тарапынан бірқатар сұрақтар туындап, қарсы пікірлер айтылды. Қатысушылар тариф бағасының өзге өңірлерге қарағанда әлдеқайда қымбат екенін алға тартты. Сондай-ақ, реті келсе, тарифті көтермей- ақ, тұтынушылардан қалған қарызды жинау арқылы да табысқа шығуға болатындығын тілге тиек етті.

Жиын барысында судың сапасы да сөз болды. Таза ауыз суға дарияның суы қосыла ма деген сауалға мекеме басшысы тек жазғы уақытта 10-15 процентке дейін алынатынын айтты.

– Бұл жоба әлде де мамандар тарапынан сараптамадан өтеді. Шешім қабылданар тұста міндетті түрде айтылған пікірлер ескеріледі және тарифтің негізсіз өсуіне жол берілмейді, – деді “Қызылорда су жүйесі” МКК-ның директоры М.Жәмиев.

Айта кету керек, сумен жабдықтау және суды бұру қызметтеріне тарифтерді бе­кіту алдағы жылы 9 қаңтарда қабылданатын болады.

«СБ» ақпарат.

syrboyi.kz

Дата публикации
12 декабря 2019
Дата обновления
12 декабря 2019
Тип
Біз туралы БАҚ

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
ЖЫЛУ ҮШІН АРТЫҚ ТӨЛЕМ ЖАСАМАҢЫЗ! ЖЫЛУ ЭНЕРГИЯСЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА АЗАМАТТАРДЫҢ ШЫҒЫНЫН 20%-ҒА АЗАЙТАДЫ
Инфографика
18 октября 2024
Қазақстанда және көрші елдерде жалақы есебінен коммуналдық қызметке қанша ақша жұмсалады?
Бағыттар
21 мая 2024
Сыбайлас жемқорлық картограммасы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы