Меню

Страницы

Статья

Изменится ли цена на газ?

Соңғы күндері жұртшылық арасында «газ бағасы арзандайды екен» деген сөз айтыла бастады. Осыған байланысты оның анық-қанығын білгісі келіп, редакцияға сауал жолдаушыларда табылып жатыр. Негізінде бұл ақпараттың таралуна тікелей себепкер болған жайт – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалының тауарлық газды тасымалдау қызметі тарифінің төмендетіліп бекітілуі еді. Бұл жөнінде толығырақ мағлұмат алу үшін Табиғи монополияларды реттеу комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Гүлмира Өтегеноваға хабарласқан болатынбыз.

Оның айтуынша, тауарлық газдың көтерме бағасын ҚР Энергетика министрлігі бекі­тетін болса, тарифін бекіту ҚР Ұлттық экономика ми­нистр­лігі Табиғи монополиялар­ды реттеу комитетіне жүк­тел­ген. Ал жергілікті жер­дегі газды тасымалдау қыз­ме­тінің та­рифін реттеу осы коми­тет­тің аймақтардағы депар­та­мент­терінің міндетіне кіреді.

Тауарлық газды тасымал­дау қызметі тарифінің қол­­даныстағы мерзімінің аяқ­­тал­уына байланыс­ты «Қаз­ТрансГаз Аймақ» АҚ Қы­зыл­орда өндірістік филиалы оны бекітуге Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментіне өтініммен шыққан болатын.

Осы өтінімді қарау үшін облыстық департамент табиғи монополия саласындағы қолда­ныстағы заңнамаға сәйкес, өтінімдерді қарау кезінде қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында осы жылдың 23 қазанында жария тыңдау өткізді.

Оған қа­тысу­шылар тарапынан айтыл­ған ұсыныстар мен пікірлер ес­керіле отырып, департамент  22 қарашада «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қы­зылорда өндірістік филиалының тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне тариф және тарифтік сметаны 2020-2025 жылдарға ұзақ мерзімді кезеңге бекітті. Департамент басшысы тауарлы газдың мың текше метрін тасымалдау қызметі 5941,35 теңге болып бекітілгенін жеткізді. Бұған дейінгі тасымалдау тарифінің құны 9081,51 теңге болып келген. Демек, бекітіліп отырған тариф бұған дейін қолданыста болған тарифпен салыстырғанда 34,6 процентке төмендетілген.

Бұлайша төмендетуге қан­дай негіздер алынды деген сұра­ғымызға Г.Өтегенова тари­ф­тік сметаның баптары бойынша шы­ғындардың қысқартылғанын айтты. Оның ішінде, салық, іссапар шығындары, тарапты ұйымдардың қызметтері бар. Сондай-ақ субъектінің тең­ге­ріміне алынбаған негізгі құралдарды қалыпты жағдайда ұстау бойынша шығындары қабылданбаған. Сонымен қатар, 2020-2025 жылдары жаңадан қосылатын объектілер есебінен көрсетілетін қызмет көлемінің ұлғаюы есепке алынған.

Ал енді тасымалдау та­ри­фі­­нің төмендетілуінің газ баға­сына әсері бола ма?

Бұл жөнінде қазір ешкім нақты жауап бере алмайды. Тариф және тарифтік сметаны бекіту жоғарыда айтып өткеніміздей, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің құзыретіне кіреді. Қазіргі кезде комитет бұл бағытта жұмыс жүргізуде. Бар білетініміз, бекі­тілген тариф пен тарифтік смета 2020 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап қолданысқа енгізіледі.

Бүгінгі күні қарапайым тұтыну­шылар, яғни жеке тұл­ғалар газдың мың текше метрі үшін 20902,93 теңге төлеп отыр. Ал заңды тұлғалар  21 мың теңгеден аса төлейді. Осы тарифтер өзгере ме, әлде өзгеріссіз қала ма оны алдағы уақытта білетін боламыз.

 

Ыдырыс Тәжіұлы.

syrboyi.kz

Дата публикации
10 декабря 2019
Дата обновления
10 декабря 2019
Тип
СМИ о нас

Сейчас читают

Инфографика
19 декабря 2024
НЕ ПЕРЕПЛАЧИВАЙТЕ ЗА ОТОПЛЕНИЕ! ПРИБОРЫ УЧЁТА ТЕПЛОВОЙ ЭНЕРГИИ СБЕРЕГАЮТ ОТ 20% РАСХОДОВ ГРАЖДАН ЗА ОТОПИТЕЛЬНЫЙ СЕЗОН
Инфографика
18 октября 2024
Как соотносятся стоимость коммунальных услуг и величина заработных плат в Казахстане и соседних странах?
Направления
21 мая 2024
Картограмма коррупции

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы