2022 жылға Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдаулардың кестесі

Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылары үшін

2022 жылға қоғамдық қабылдаулардың кестесі

         «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 34-тармағына сәйкес тиісті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның құзыретіне табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп айына бір реттен сиретпей тұтынушыларды қабылдау жүргізу жатады.

         Қазақстан Республикасы ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы  бойынша департаментімен тұтынушылармен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша  азаматтардың қоғамдық қабылдауларының жұмысы ұйымдастырылды.

         Әр айдың бірінші сейсенбісі күні сағат 15.00-ден сағат 16.00-ге дейін Департамент табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, «Nur-Otan» партиясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының,  аумақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерінің қатысуымен проблемалық мәселелерді кешенді шешу үшін қоғамдық қабылдаулар жүргізеді.

            Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып қоғамдық қабылдау facebook  әлеуметтік желісіндегі Департаменттің парақшасында тікелей эфирде онлайн режимде келесі сілтеме бойынша өткізіледі: https://www.facebook.com/profile.php?id=100043427352343.

Департамент  облыс  және қала тұрғындарын,  басқада мүдделі тұлғаларды қоғамдық қабылдауға  шақырады.

Әрбір қатысушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме ала алады.

Анықтама үшін телефон: +7(7152) 53-42-30, +7(7152) 53-42-55

Петропавл қ. Парковая көшесі,  57В кабинет 335.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылары үшін 2022 жылға қоғамдық қабылдаулардың кестесі
Дата публикации
10 июня 2020