ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

016 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің арасында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген міндеттер мен шектеулерді қатаң сақтап сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Х.М. Губашевтің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің аса маңызды істер бойынша офицері Ш.М. Ермуканованың қатысуымен семинар - жиналыс өткізілді. Семинар - жиналысты Департамент басшысының орынбасары К.Алиева ашып, Х.М. Губашев Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатырған іс - шараларға нақты тоқталып баяндама жасалды және видеороликтер көрсетілді. Семинар соңында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақталуы қажеттілігі ескертіліп, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік принциптерін қалыптастыру жөнінде айтылды.
Дата публикации
30 декабря 2019