Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау бойынша талдамалық анықтама
Талдау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің 07.08.2018 жылғы №21-НҚ бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау пәні: - персоналды басқару тиімділігі;
- мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;
- рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру;
- бақылау функцияларын жүзеге асыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнама мен қызметтік этика нормаларын сақтау;
- талдаудан туындайтын басқа да мәселелер.
Талдау жүргізу мерзімі: 07.08.2018 ж. – 16.08.2018 ж.