сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» РММ

Аппараттық жиналыстың хаттамасы №28

 

Ақтау қаласы                                                                       08.05.2020 жыл

Төрағалық еткен:                                                                 Л.Бимурза бөлім басшысы

Қатысқандар:                                                                       бөлім  басшылары және

                                                                                               департамент  қызметкерлері

 

Күн тәртібінде:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңға түсіндірме

  1. Заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз бөлімі (Лесбаева Ж, Кобланова А)
  2. Табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі (Янгибаева Ж, Рахман Б.)
  3. Ұйымдастырушылық жұмысы бөлімі (Бекбаулина Ж) тыңдалды.

 

Жоспардың мақсаты бойынша, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлыс жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі төрағасының міндетін атқарушының 2017 жылғы 4 тамыздағы №156 бұйрығымен бекітілген есеп нысанына сәйкес, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және ҚР мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу тапсырылды.

Осыған орай, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің  Маңғыстау облысы бойынша департаментінің заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз бөлімі басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілі –Л.Б.Бимурзаның  төрағалық етуімен, жиынға  қатусышы департамент қызметшілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Отырыс барысында, жұмысты жетілдіру мақсатында күн тәртібіндегі мәселе Заңның 1 бабындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу болып табылады.

Жалпы Заңға түсіндірме берсек, сыбайлас жемқорлық – жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестiрiлген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу;

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер – осы Заңда белгіленген және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шектеулер, субъектілерінің өз өкілетіліктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарын жөніндегі қызметі;

Құқық бұзушылық – бұл үшін заңда әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық белгіленген, сыбайлас жемқорлық белгілері бар құқыққа қайшы, кінәлі түрдегі іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік).

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілетілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық негізіне сеніміне заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні анық. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең.

Төраға жиналысты қортындылай келе, мемлекеттік қызметшілерге әсіресе алғаш келген жас мамандарға заңдардағы талаптарды басшылыққа алу керектігін міндеттеді.

 

Әдеп  жөніндегі өкіл                                                                                    Л.Бимурза

Хатшы                                                                                                            А.Қобланова

 

 

информация по противодействию коррупции
Дата публикации
29 июля 2020