2023 жылдың 23 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Шымкент қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті мамандары Н.Бакибаев және Н.Кадированың қатысуымен Департамент қызметкерлеріне ҚР Салық кодексінің және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптары түсіндіру туралы семинар-жиналыс өткізілді.
Баяндамашылармен мемлекеттік қызметшілердің жыл сайын тапсырылатын декларация толтыру шарттары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтауы туралы баяндалды.
Сонымен бірге, баяндамашылармен 2022 жылға тапсырылатын декларация бойынша, оның ішінде жалпыға ортақ декрациялау бойынша қойылған барлық сұрақтарға жауап берілді.
Жиналыс соңында 2022 жылдың 30 желтоқсанында Заңнаманың сақталуын бақылау және талап-арыз жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалған Ермаханов Әділхан мемлекеттік қызметшілердің антын салтанатты түрде қабылдады.