«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы

 «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының                  2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ ҚРЗ Заңының
22-бабының 1 тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90
бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының
607-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. 2023 жылғы 01 қантардан бастап қолданысқа енгізумен «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамына электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін осы бұйрықтың
    1-қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
  2. 2023 жылғы 01 қантардан бастап қолданысқа енгізумен «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамына электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтік сметасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес баяндалсын.
  3. «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамы тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарласын.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі
    осы бұйрықты «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
    С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
  6. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

         Басшы                                                              Д. Тоқтамысов

«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне уәкілетті орган бекіткен тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы
Дата публикации
23 декабря 2022