Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің «2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер мен тарифтік сметаны бекіту туралы» 2020 жылғы 24 қарашадағы № 94-НҚ бұйрығына өзгеріс еңгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының
8-бабы 12)-тармақшасы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 37-тармағына
сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге арналған «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтер мен тарифтік сметаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2021 жылғы
24 қарашадағы № 94-НҚ бұйрығына өзгерістер еңгізілсін:
бұйрықтың тарифтік сметасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі
осы бұйрықты «Севказэнергосбыт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің назарына жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басшы Д. Тоқтамысов