«Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2022 жылғы
25 қарашадағы № 61-НҚ бұйрығына өзгеріс еңгізу туралы
Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 8-бабы 12)-тармақшасы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының 37-тармағына
сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамының электр энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2022 жылғы 25 қарашадағы № 61-НҚ бұйрығына өзгеріс еңгізілсін:
бұйрықтың тарифтік сметасын осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі
осы бұйрықты «Солтүстік Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамының назарына жеткізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басшы Д. Тоқтамысов