«Кызылжар-ЖКХ» ЖШС жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту туралы

«Кызылжар-ЖКХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау

жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 204-VІ Заңының 22-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының
607-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Кызылжар-ЖКХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифі қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін
    2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып және оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша саралаумен осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес өзгертілсін.
  2. «Кызылжар-ЖКХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифтік сметасы 2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіле отырып осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес баяндалсын.
  3. «Кызылжар-ЖКХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарласын.
  4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің табиғи монополияларды және бағаларды реттеу бөлімі осы бұйрықты «Кызылжар-ЖКХ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің назарына жеткізсін.
  5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары
    С.Ә. Амангелдіге жүктелсін.
  6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Басшы                                                                      Д. Тоқтамысов

«Кызылжар-ЖКХ» ЖШС жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметіне бекітілген тарифті оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін өзгерту туралы
Дата публикации
12 декабря 2022